Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есепте тұрғандар сотталғандар аз қамтылған отбасыларға көмек берді

Ақтөбеде есепте тұрғандар сотталғандар аз қамтылған отбасыларға көмек берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметі Шұбарши ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп, есепте тұрған сотталған азаматтарды осы ауылдың тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларына азық-түлік және балаларына оқу құралдарымен жәрдем беруге арналған қайырымдылық шарасына қатыстырды.

- Пробация қызметінде тұрған есепте тұрған сотталған-еріктілер қайырымдылық жасау үшін Темір ауданынан 170 шақырым жердегі аз қамтылған отбасыларды өздері таңдап алды.
Жалпы, іс- шараның мақсаты- биылғы "Еріктілер жылы" аясында Пробация есебінде тұрған еріктілерді қоғамға пайдалы істермен айналыстыра отырып, оларды қоғамға бейімдеу болып табылады. Алдағы күндері аталған қайырымдылық акциясы жалғасын табатын болады, - дейді Темір аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Ренат Жұмабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру