Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды

Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1-3 желтоқсан аралығында республика аумағында “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның барысында Ақтөбе қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қызды анықтады.

Аталған адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар 4 массаж салоны мен бір сауна анықталды, оның иелері ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті тұрғын үй-жайларды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді және риэлторлық қызмет көрсететін ұйымдарға жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайларды ұсыну әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын және ол үшін 100 АЕК және одан жоғары мөлшерде айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру