Ақтөбеде ішімдік ішіп, жаза өтеу тәртібін бұзған сотталған қамауға алынды
Ақтөбеде ішімдік ішіп, жаза өтеу тәртібін бұзған сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кешкі уақыт 21.00 шамасында Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы осы ауданның жергілікті полиция қызметкерімен бірге «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабы бойынша бес жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған 57 жастағы К.-ны тұрғылықты мекен- жайы бойынша тексеру кезінде оның үйінде жоғын анықтайды. Осы кезде Пробация қызметінің инспекторы және жергілікті полиция қызметкері жақын жердегі аумақтарды тексеру барысында есепте тұрған сотталғанды қоғамдық орында ішімдік ішкен күйінде ұстайды.
Қоғамдық орында «алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» фактісіне байланысты, ӘКҚтК-нің 440-бабы 1-бөлігімен сотталғанға қатысты хаттама толтырылады. Сонымен қатар, жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін аталған сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы құжат сотқа жолданды.
– Сотталған К.-мен бас бостандығынан шектеу жазасын өтеу барысында алдағы уақытта жаза өтеу тәртібін бұзбау және қайта қылмысқа жол бермеу жөнінде қосымша профилактикалық әңгіме- сұхбат жүргізілді.
Жалпы, облыс аумағында өтіп жатқан “Шартты түрде” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасына байланысты күшейтілген режимдегі жұмысқа көшу кезінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексеріліп, оларды бас бостандығынан айыруға дейін апаруы мүмкін жаңа қылмысқа жол бермеу жөнінде ескертулер беріліп келеді, – дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы Жанна Досимова.