Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көпір астында кісі тонаған екі күдікті құрықталды

Ақтөбеде көпір астында кісі тонаған екі күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда шамамен түнгі сағат 02.00-де Ақтөбе қаласында 20-25 жас шамасындағы бейтаныс екі жігіт 43 жастағы ақтөбеліктің телефоны мен ақшасын ашық түрде тартып алған. Тонау дерегі Некрасов көшесінің Әкімжанов көшесімен қиылысындағы көпірдің астында болған, жас жігіттер мүлікті тартып алу үшін жәбірленушіге күш қолданып, қорқытқан.

Оқиға орнына шұғыл жеткен патрульдік полиция жасағының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, күдікті тұлғаларды анықтау мен ұстауға бағытталған іздестіру жұмыстарына жедел кірісті.

Нәтижесінде осы қылмысты жасады деген күдікпен 21 және 22 жастағы екі азаматты “ізін суытпай” ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталғандар өзінің кінәсін мойындады. Ұрланған заттар күдіктілерден алынды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру