Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мешіт имамдары сотталғандармен діни бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ақтөбеде мешіт имамдары түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандармен діни бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесінде дінге сенуші жазасын өтеуші сотталғандар Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Иманғалимен кездесті. Кездесуде наиб имам Марал Иманғали сотталғандармен діни бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды толғандырған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар наиб имам кездесу соңында сотталған азаматтардың алдағы уақытта басқа да сұрақтары туындаған жағдайда мекеме әкімшілігінің көмегімен онлайн байланысқа шығу мүмкіндіктері барын жеткізді.

– Кездесу іс-шарасының мақсаты – дінге сенуші сотталғандардың білікті мамандардан діни бағытта білімдерін арттыруын қамтамасыз ету болып табылады, – дейді №9 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Арман Панабек.

Айта кету керек, біраз уақыт бұрын Ақтөбе облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінің бас имамы Еншібай Серікжан №8 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандармен діни бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру