Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде өзгенің көлігін айдап кеткен мас жүргізуші қолға түсті

Ақтөбеде өзгенің көлігін айдап кеткен мас жүргізуші қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының полициясына жергілікті тұрғын отбасылық жанжалдан кейін бірге тұратын адамның ​Honda автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданды. 18 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де Махамбетов көшесінде ұрланған автокөлікті байқаған Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шұғыл түрде ұстау шараларын жүргізді.

Тексеру барысында ​жүргізушінің аталған көлік құралын масаң күйде басқарғаны, сондай-ақ бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру