Ақтөбеде пәтер өртеніп, бір адам көз жұмды
9 шілде күні Сәңкібай батыр көшесінде пәтер өртеніп кетіп, нәтижесінде бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күннің бірінші жартысында жатақхана бөлмелерінің бірінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы 18 шаршы метрді құрады. Зардап шеккен пәтер иесі 43 жастағы ер адам «80% дененің термиялық күйігі» диагнозымен жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Есін жимастан, ер адам қайтыс болды. Пәтер иесі жалғыз тұрды.
Өрттің себебі мен келтірілген залал анықталуда. Сондай-ақ, сот-медициналық және өрт техникалық сараптамалары тағайындалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.Полиция департаменті үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады;
– шамдарды терезе, перделер мен төсек жапқыштарының жанында қалдырмаңыз;
– төсекте, сондай-ақ жанғыш материалдар сақталатын жерде темекі шегуге болмайды;
– сөндірілмеген сіріңкелерді тастамау керек.