Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пәтер ұрлығы кезінде Алматының үш “гастролері” ұсталды

Ақтөбеде пәтер ұрлығы кезінде Алматының үш “гастролері” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 сәуір күні кешке Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының 102 телефонына Ақжар-2 ауданындағы жеке үйдің ауласында жүрген күдікті адамдар туралы хабарлама келіп түсті.

Келген патрульдік полиция қызметкерлері Алматының екі тұрғынын ұстады, олар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, ұрлыққа түскен. Күдіктілерден ерлерге арналған қол сағат, ақша, бұрағыш, әйелдер бижутериясы, яғни қол білезігі тәркіленді.

Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді, кейін олар ақпан айының соңында Есет батыр көшесіндегі пәтерден ақша ұрлағанын мойындады.

Күдіктілердің үшеуі пәтер ұрлығын жасау мақсатында Ақтөбеге ақпан айында келгені анықталды. Ұрлық жасалғаннан кейін Есет батыр көшесіндегі пәтерден Алматы қаласына кетіп қалған. Сәуірдің басында олар пәтер ұрлығына тағы кірісті, бірақ олар қолға түсті.Тұрғылықты жері бойынша жалдамалы пәтерден полицейлер зергерлік бұйымдарды тәркіледі. Сонымен қатар, қылмыстық топтың Ақжар кенті ауданындағы ағаштың астында сақталған аңшылық мылтығы табылды.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Күдіктілер Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру