Ақтөбеде «полиция» куәлігін сатушы ұсталды
Ақтөбеде «полиция» куәлігін сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметінің міндеттерінің бірі қызметкерлерге қатысты, сондай-ақ ведомствоның беделін түсіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу болып табылады.
Мәселен, Ақтөбе қаласында облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалған қызметтік куәліктерін дайындау және сату бойынша қылмыстық әрекет тоқтатылды.
Анықталғандай, жергілікті тұрғын компьютердің, түрлі-түсті принтердің және ламинатордың көмегімен жалған полиция куәліктерін жасап, қарапайым азаматтарға сатқан.
Оның пәтерін тінту кезінде кеңсе жабдықтарынан басқа ІІМ қызметкерлерінің куәліктеріне арналған жүзден астам мұқаба алынды. Күдікті жедел уәкілдің «корочкасын» сатқаннан кейін арнайы іс-шараларды өткізу кезінде ұсталды.
Қылмыстық іс қозғалды, күдікті жасап, сатып үлгерген жалған қызметтік куәліктерді анықтау және тәркілеу бойынша шаралар қабылдануда.