Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері аязда жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетті

Ақмола полицейлері аязда жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты полицейлер жолдарды патрульдеу мен мониторингтеуді күшейтіп, төтенше жағдайлардың алдын алып, азаматтарға көмек көрсетті.

Температураның төмендеуі жағдайындағы сапарлар өткен демалыс күндері автокөлік иелері үшін нағыз сынақ болды. Жол қозғалысының бірнеше қатысушысына полицейлердің көмегі қажет болды.

27 қарашада Астана-Петропавл автожолының 248 шақырымында Volvo жүк көлігінің жүргізушісіне ПД патрульдік полиция батальонының “Тұлпар 9” автопатрулінің экипажы көмекке келді. 38 жастағы жүргізуші Ресей Федерациясынан Астанаға жүріп келе жатқан. Алайда жолда көліктің жанармайы қатып қалған. Полиция қызметкерлері мен ілеспе бағытта келе жатқан Shacman автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын Щучинск қаласындағы жылы боксқа сүйреп апарып, кейін жүк көлігі жолын жалғастырды.

27 қарашада Екатеринбург-Алматы автожолының 1000 шақырымында Атбасар қаласына ГАЗель автокөлігімен бара жатқан тағы бір жүргізушіде жанармай таусылды. “Тұлпар 2” экипажының қызметкерлері Арман Тәжібаев пен Нұржан Смағұлов автокөлікті жақын маңдағы жанармай құю станциясына сүйреп апарды.

ГАЗель жүргізушісі тәртіп сақшыларына уақытылы көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Сол күні ПД ППБ-ға “Тұлпар 2” экипажының қызметкерлері істен шыққан ГАЗель жүргізушісіне көмекке келді. Көліктің майы ағып кеткен. Ер адам Қостанай қаласынан елордаға бара жатқан. Полиция жүргізушіні автокөлік бөлшектері дүкеніне апарып, ақаулықты жоюға көмектесті.

27 қарашада Екатеринбург-Алматы автожолының 1080 шақырымында “Тұлпар 4” автопатрулінің экипаж қызметкерлері Бауыржан Бейісов пен Алтынбек Тушумбеков Daf автокөлігінің жүргізушісіне көмектесті. Ер адам көкөністерді Батыс Қазақстаннан Қарағанды қаласына жеткізіп бара жатқан. Қатты аяздың салдарынан көліктегі дизель отыны қатып қалған. Бірнеше сағат бойы полиция қызметкерлері мен жылыту қызметтерін көрсететін азаматтар жүк көлігін іске қосып, ол өз жолын жалғастырды.

Өңір тұрғындары мен қонақтарынан тәртіп сақшыларына алғыс сөздер келіп түсуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру