Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 180 қолайсыз отбасы тексерілді

Қарағанды облысында “зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы барысында 180 қолайсыз отбасы тексерілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың Халықаралық күніне орай “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” атты кең көлемді акция өткізілуде.

Шараның мақсаты — отбасындағы дау-жанжалдың алдын алу, қоғамда отбасының рөлін арттыру. Қарағандылық полицейлер “Мир добра” қоғамдық бірлестігі, еріктілер және Қарағанды политехникалық колледжі студенттерінің қатысуымен автошеру ұйымдастырылды.

Шара барысында отбасында жәбір көру кезінде қандай іс-қимыл жасау керектігін түсіндіретін 300-ден астам ақпараттық жадынамалар таратылды. Акцияның үш күнінде полиция қызметкерлері үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бұрын дау-жанжал және зорлық-зомбылық белгілері болған отбасыларға бір мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізді.

Мекенжайлары бойынша құқық бұзушылыққа бейім 620 тұлға, оның 200-і ішімдікті жиі пайдаланатын, 180 қолайсыз отбасы тексерілді. Акция барысында полиция қызметкерлерімен бұрын қорғау нұсқамасы қойылған тұлғаларға байланысты аса мән берілді.

– Отбасында құқық бұзушылыққа жол берген 44 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 25-не қорғау нұсқамасы қойылып, жетеуінің тәртібіне ерекше талаптар қойылды. Ал үш адамға ішімдік ішуге тиым салынды. Сонымен қатар ішімдік ішетін 17 тұлғаға нарко-психологпен кеңес берілді. Сондай-ақ акция барысында сегіз қолайсыз отбасы анықталып, оларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Кризистік орталыққа үш әйел, төрт бала орналастырылды. Бұндай жұмыстар облыстың барлық қала, аудандандарында жүргізілуде, — деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қайырбек Шакенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру