Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Грантқа оқуға түсіремін”: түркістандық әйел тұрғынды 1,5 млн теңгеге алдап кетті

Түркістандық әйел тұрғынды грантқа оқуға түсіріп беремін деп 1,5 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни, танысы 2021 жылдың ақпан айында оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, 1,5 млн теңгесін алған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Түркістандық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз әйелді, Кентау қаласының тұрғынын анықтады. 

Белгілі болғандай, сезікті әйел алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру