Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция өзгенің көлігін заңсыз иемденген азаматты анықтады

Ақтөбеде полиция өзгенің көлігін заңсыз иемденген азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “Автомобиль” ЖПІШ кезінде 2023 жылдың соңында жасалған көлік қылмысын ашты. Көпқабатты үйдің ауласынан ВАЗ-2114 автокөлігінің ұрлану дерегі бойынша кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жоғалған көлікті Әйтеке би ауданы аумағындағы кемпингтердің бірінің автотұрағынан тапты.

Қылмысты ашу мақсатында жүргізілген жедел іс-шаралар, бейнекамералардың жазбалары мен куәгерлерлік базаны зерделеу нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын да автокөліктерді айдап әкеткені үшін сотты болған қала тұрғыны болып шықты.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Жігіт автокөлікті көршілес облысқа жетіп алу мақсатында айдап әкетіп, жанармайы таусылған соң жолда қалдырып кеткенін айтты. Автокөлік айдап әкету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру