Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандар провизорлық орталықтарға оттегі баллондарын тасуда
Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандар провизорлық орталықтарға оттегі баллондарын тасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласындағы вирусты пневмонияға шалдыққан науқастарды емдейтін провизорлық орталықтарға оттегі баллондарын күнделікті жеткізіп беріп жүрген Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы, «Zello help» еріктілерінің қайырымдылық іс-шарасынан Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар да шет қалмады.
Пробация қызметі инспекторларының жетекшілігімен есепте тұрған сотталғандар ізгі іс-шараға қатысып, провизорлық орталықтарға науқастар үшін оттегі баллондарын тасыды.
– Пробация инспекторы короновирусқа шалдыққан науқастарға оттегі баллондарын жеткізуге көмектесу бойынша ұсыныс білдіргенде, ізгі іске араласуға өзіммен бірге достарымды да шақырдым. Өйткені қоғамға қандай да бір көмегімізді тигізіп, өзімізді қоғамға пайдалы сезіну біз үшін маңызды. Сондықтан бізге осындай мүмкіндікті сыйлаған Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторларына алғысымды білдіремін, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған Б. есімді сотталған.