Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандар қарттарға қол көмек берді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты Қарғалы аудандық пробация қызметі аудандық жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, «Еріктілер жылы» және «Қамқор» жобасы аясында акция ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция барысында Қарғалы аудандық пробация қызметі пробация есебінде тұрған еріктілерді осы аудандағы тыл ардагерлері мен жалғыз басты қарттардың үйіне апарды.

Есепте тұрған еріктілер қол көмегіне мұқтаж қарттардың үйлерінің ауласын тазалап, өсіп кеткен шөптерден тазартты.

Игілікке толы шара соңында Қарғалы ауданының тыл ардагері Үміт әже акцияны ұйымдастырушыларға алғысын айтып, қол көмегін тигізген еріктілерге «алдағы күндері өмірлерінде қателікке бой алдырмай, түзу жолда жүріп, бақытты ғұмыр кешулеріне» ақ батасын берді.

– Іс-шараның мақсаты – биылғы «Еріктілер жылы» аясында Пробация есебінде тұрған еріктілерді қамқорлық, өзгеге қайырымдылық жасауға тарту, сонымен қатар, оларды қоғамға бейімдеу болып табылады. Алдағы күндері аталған қайырымдылық акциясы жалғасын табатын болады, – дейді Қарғалы аудандық пробация қызметінің инспекторы Жанболат Жақсылықов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру