Ақтөбеде пробация қызметі сотталғанның жәрдемақы алуына көмектесті
Ақтөбеде пробация қызметі сотталғанның 140 мың теңге болатын бірреттік жәрдемақы алуына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Алға аудандық пробация қызметі ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес түзеу мекемесінен босатылып, есепке алынған сотталған В.-ның 140 мың теңге болатын бірреттік әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізуіне ықпал етті.
Аталған көмек – Алға аудандық пробация қызметінің ұсынысымен және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы арнайы комиссия шешімімен тағайындалған болатын.
– Мұндай әлеуметтік көмек түрі – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға түзеу мекемесінен босап шықаннан кейін олардың қоғамға бейімделуі үшін қарастырылған, – дейді Алға аудандық пробация қызметінің инспекторы Нияз Ахмет.