Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробациялық бақылаудан жалтарып, 14 рет құқық бұзушылыққа жол берген есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде пробациялық бақылаудан жалтарып, 14 рет құқық бұзушылыққа жол берген есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық жасағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған Ақтөбе қаласының тұрғыны Ж. биылғы жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметіне есепке алынды. Алайда ол жаза өтеу талаптарын бұзып, яғни пробация қызметіне хабарламастан қаладан тыс жерге шыққан және пробация қызметіне тiркелуге келмеген.

Сонымен қатар сот үкімімен тағайындалған 100 сағат мәжбүрлі еңбектi орындамады. Мұнымен қоса пробация қызметкерлерімен кешкi уақытта мекенжайын тексеру кезінде тұрғылықты мекенжайында болмай, осы уақыт аралығында барлығы 14 құқық бұзушылықка жол бергендігі анықталады.

Сот белгілеген жаза өтеу тәртібін орындамай, пробация қызметінің бақылауынан жалтарып, заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметкерлері аталған пробация есебіндегі сотталған азаматтың жазасын бас бостандығынан айыру түріне ауыстыруға қатысты Ақтөбе қаласының №2 сотына жадығат жолдайды. Тиiсiнше, сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, сотталған азаматтың жазасының өтелмеген мерзімі, яғни 2 жыл 6 ай 11 күн мерзімін бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға қаулы шығарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру