Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қару-жарақпен бейнежазба жазған ер адам ұсталды

Бейнежазба үшін қару-жарақ ұстаған ақтөбелік азамат анықталды,- деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге мониторинг жүргізу барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері қару-жарақпен қаруланған ер адамның бейнешолуын анықтады.

Полиция қызметкерлері жедел түрде ізін суытпай бұрын сотты болмаған 33 жастағы ақтөбелік азаматты ұстады.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынды және тұрғындар үшін қауіп төніп тұрған жоқ.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің287-бабының 3-бөлігі («Қаруды заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру