Ақтөбеде Қазақстанның Х азаматтық форумы өтті
Ақтөбеде Қазақстанның Х азаматтық форумы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Ақтөбе қаласында облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың қатысуымен Қазақстанның Х азаматтық форумы өтті.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе облысының ҮЕҰ секторын дамытудың қорытындылары шығарылып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатының тетігі мен құралдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, Х азаматтық форумға делегаттарды сайлау талқыланды.
Үшінші сектор белсенділері алдында облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова құттықтау сөз сөйледі. Ол үкіметтік емес ұйымдардың егеменді республиканың қалыптасуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Содан кейін сөз кезегі азаматтық сектор жетекшілеріне берілді. Олардың барлығы өзекті мәселелер туралы айтып, жыл қорытындыларымен бөлісті.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиев өз сөзінде полиция жұмысы туралы айтып берді. Ол полиция мен қоғамның өзара іс-қимылының пәрменді құралдарының бірі қоғамдық кеңестердің жұмысы болып табылатынын атап өтті. Бұдан басқа, халықпен есептік кездесулер, «Ашық есік күндері», «Жолдағы қабылдау», «Аулаларда қабылдау » республикалық акциялары және т. б. өткізіледі.
Осыдан кейін Қанат Әлиев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан ҮЕҰ-ның жеті қоғамдық басшыларын марапаттады.