Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері балалар мерекесінде отбасылық сайысқа түсті

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған отбасылық спорттық сайысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ қызметкерлерінің отбасылары арасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған “Әкем, анам және мен” спорттық сайысы ата-ана мен баланың арасындағы қарым қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, сондай-ақ мереке қарсаңында балаларымен, отбасымен бірге уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізуді мақсат етті.

7 кезеңнен құралған сайыста Ақтөбе облысының ҚАЖ департаменті және департаментке қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі, Алматы аудандық пробация қызметі, №70, №8, №9 мекемелерінен барлығы 6 команда өзара бақ сынасты. Бірінші кезеңде қызметкерлер өз отбасыларын таныстырса, келесі кезеңдерде қапшықпен жылдамдыққа секіру, математикалық есеп шығару, арқан тартысумен сайысты.

Қызық да, тартысты өткен сайыста №8 түзеу мекемесі қызметкерлерінен құралған “Тапқырлар” командасы 1-орынды жеңіп алса, 2-орынды №9 қоныс колониясы қызметкерлерінен құралған “Жігер” командасы, ал 3-орынды Ақтөбе қаласы бойынша Алматы аудандық пробация қызметі қызметкерлерінен құралған “Дружная семья” командасы қанжығасына байлады.

Сайыс қорытындысымен жеңімпаздар Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ ойынға қатысқан барлық балаларға ойын доптары таратылды. Сонымен қатар ойынға қатысушыларды мерекемен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов барлық балаларға балмұздақ сыйлап, қуантты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру