Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері көмекке мұқтаж есептегі сотталғандарға қол ұшын созды

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері көмекке мұқтаж есептегі сотталғандарға қол ұшын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық Пробация қызметінің инспекторлары “kb.kaharman” еріктілерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған зейнеткер азаматшаға азық-түлікпен көмек берді.

ҚР ҚК-нің 106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 64 жастағы зейнеткер азаматшаны тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру кезінде азық-түлікке мұқтаждығын көрген Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Алтын Акказиева, Хромтау қаласындағы “kb.kaharman” еріктілерімен бірге көмекке мұқтаж зейнеткер сотталғанға бірінші кезекте тұтынатын азық-түліктермен қамтамасыз етті.

2021 жылдың қазан айында Ақтөбе облысының Хромтау аудандық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Антонина, 2022 жылдың қаңтар айында аудандық соттың қаулысымен “ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңы негізінде рақымшылыққа ілігіп, жаза өтеу мерзімі 1 жыл 5 ай 10 күнге қысқартылады. Алайда соған қарамастан жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін 2022 жылдың сәуір айында бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған сотталған азаматшаға Сот денсаулығына байланысты тағы да кешіріммен қарап, 2022 жылдың қазан айында Атырау қалалық №2 сотының қаулысымен бас бостандығынан айыру жазасы 6 ай 19 күнге бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылады.

Қазіргі таңда пробация қызметкерлері есепте тұрған Антонинаның денсаулығындағы кәнаратына байланысты кіндік грыжасы отасын жасатуы үшін жергілікті емханалардан тегін тексерістен өткізіп, дайындық жұмыстарын бастап кетті.

– Есепте тұрған зейнеткер Антонинаға қолдау көрсету мақсатында жұмыспен қамту орталығына біржолғы ақшалай жәрдемақы сұрап, хат жолдадық. Қазіргі таңда базаға тіркеу үшін сотталған азаматшаның жеке куәлігін алып беру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Жеке куәлігіне қолымыз жеткен кезде зейнеткерге біржолғы әлеуметтік жәрдемақысын алып беру және әлеуметтік жұмысшылармен үйін тазалап беру жұмыстарын атқара алатын боламыз. Жалпы, бүгінге дейін зейнеткер сотталғанға пробация тарапынан психологиялық көмек көрсетіліп, медициналық тегін тексерістен өткізіліп жатыр. Сонымен қатар жеке куәлігін алып бергеннен кейін аяғын толық емдетіп, кіндік грыжасына ота жасатуға көмектесетін боламыз, – дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Алтын Акказиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру