Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 4 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында 3 тәулікте 4 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің бұйрығына сәйкес, мереке күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарды. Тәртіп сақшылары құқықтық тәртіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде тәулік бойы қызметте болды. Сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс атқарды.

Мәселен, 2023 жылдың алғашқы 3 тәулігінде 54 қылмыс тіркеліп, оның 45-і ашылды. Сонымен қатар облыс бойынша төрт мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Мас халде көлік басқарудың 1 жайты анықталып, айыптұраққа 31 автокөлік қойылды. Сондай-ақ полицейлер өңірге жаңбыр аралас қалың қар түсіп, желдің қатты соғуына байланысты жолдарда патрульдеу жұмыстарына жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру