Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоғамдық бақылау комиссиясы тергеу изоляторындағы күдіктілердің жағдайымен танысты

Ақтөбеде қоғамдық бақылау комиссиясы тергеу изоляторындағы күдіктілердің жағдайымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Бақтығұл Қанатов Ақтөбедегі КА- 168/1 тергеу изоляторында болып, мекемеде ұсталғандардың құқықтарының сақталуы, медициналық-санитарлық және ұстау жағдайларын қарады. Тергеу изоляторындағы тексеруден кейін қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған күдіктілерді жеке сұрақтары бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

– Бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары бірнеше мәрте тергеу изоляторында болып, ұсталынғандарды «азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын жазалау түрлерiнiң алдын алу» бойынша жеке сұрақтармен қабылдаған болатын. Жалпы тергеу қамауындағы айыпталушылар мен сотталғандардың жағдайы мекеме басшылығының қатаң бақылауына алынған, – дейді КА-168/1 мекемесінің бастығы Аман Құлмұхамбетов.

Айта кету керек, ұсталғандарды жеке қабылдау кезінде мекемедегі ұстау жағдайларына, оның ішінде азаптауларға қатысты шағымдар болған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру