Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сатушыны жалған түбіртекпен алдап кеткен қыз анықталды

Ақтөбеде сатушыны жалған түбіртекпен алдап кеткен қыз анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қалалық полиция бөліміне 50 жастағы дүкен сатушысы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, 24 тамызда жас қыз тауар бағасын нақтылау кезінде кассадағы сатушыны алдаған. Алаяқ сатушыға төлем туралы жалған электрондық түбіртекті көрсетті. Кейін сатушы түбіртектің  жалған екенін білген. Жәбірленушіге келтірілген шығын 21 мың теңгеден асты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 жастағы күдіктіні анықтады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тағы да кәсіпкерлерді осындай жағдайларды болдырмау үшін қырағылық пен сақтық танытуға шақырады. Тауар үшін қолма-қол ақшасыз төлемді банктік қосымшалар арқылы емес, тек банктердің терминалдары арқылы қабылдау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру