Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандар аудан әкімінен алғыс хат алды

«Еріктілер жылында» белсенділік танытқан есепте тұрған сотталғандар аудан әкімінен алғыс хат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жыл бойы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметі және аудандық жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған қайырымдылық іс- шараларына қатысуда белсенділік танытқан есепте тұрған сотталғандар Хромтау ауданы әкімі Нағымжан Алдияровтың қолынан алғыс хатпен марапатталды.

Аталған салтанатты іс- шара ҚР Президентінің жарлығымен «Еріктілер жылы» атанған 2020 жылды қорытындылауға арналған болатын.
Шара барысында халыққа қызмет етуде үлес қосқан еріктілерге ризашылығын білдірген Хромтау ауданы әкімі аудандық ерікті жастар мен Хромтау аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Айта кету керек, өткен еріктілер жылында Хромтау аудандық пробация қызметі аудандық жастар ресурстық орталығымен бірге ұйымдастырған 20-дан астам қайырымдылық іс-шараларына есепте тұрған сотталғандарды қатыстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру