Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандар заманауи технологияларды пайдалануды үйренді

Ақтөбеде тергеу изоляторындағы жазасын өтеуші сотталғандар заманауи технологияларды пайдалануды үйренді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА- 168/1 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар “ХХІ ғасырдың технологиялық трендтері” тақырыбындағы семинарға қатысты.

ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде ұйымдастырылған семинарда дәрісті жүргізген Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің техникалық ғылым магистрі Н.Наурызбаева, жазасын өтеушілерге “Электрондық үкімет қызметтерін пайдалану”, “Қашықтықтан ЭЦҚ алу”, “Gmail.com бұлттық сервисінің мүмкіндіктері”, “Mail.ru электрондық поштасымен тиімді жұмыс”, “Интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалану” т.б. тақырыптарда дәріс оқыды.

Онлайн дәріс соңында оған белсенді қатысқан жеті жазасын өтеуші сотталғанға семинарды аяқтағандығы жөнінде аталған университеттің “Үздіксіз білім беру институты” директорының атынан сертификат табысталды.

Айта кетейік, аталған іс- шара Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру