Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандармен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Ақтөбеде пробация есебіндегі сотталғандармен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі өңірдегі «Аңсар» ақпараттық ортылығымен бірлесіп, пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесуде «Аңсар» ақпараттық ортылығының бөлім басшысы Сансызбай Ұлқабай және орталықтың теолог маманы Нұрлан Асанов сотталғандарға жат ағым жөнінде мағлұматтар беріп, діни экстремизм тақырыбында бейнероликтер көрсетіп, жадынамалар таратты.

Дәріс кезінде «Аңсар» ақпараттық орталығының өкілдері сотталғандарды әлеуметтік желідегі дінге бағытталған түсініксіз ақпараттардан аулақ болуға, таратпауға шақырды. Айтуларынша, түсінбеген ақпараттардың астарында діни экстремизм және терроризмді насихаттау жатқан болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай ақпараттар «шет елдердегі теріс ағымдар өздерінің жақтастарын көбейту, әлеуметтік желілерде қаралымды көбейту мақсаттарында адам сенетіндей, эмоцияға берілетіндей қылып мұсылмандарға қарсы шығып жатыр» деген түсінік қалыптастыратын монтаж болуы да әбден мүмкін.

Іс-шара соңында ақпарттық орталықтың өкілдері пробация есебінде тұрған азаматтарға кез келген уақытта ешқандай ақысыз теологтар мен психологтардың көмектеріне жүгіне алатындықтарын да айтып өтті.

– Дәріске қатысқан сотталғандар тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз пікірлерін ашық ортаға салды. Сондай-ақ кездесуде тақырыпқа қызығушылық танытқан сотталған Б.-ға кітаптар тарту етілді, – дейді Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психолог маманы Нұргүл Тюлегенова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру