Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тергеу изоляторының кітапқанасындағы 500-дей діни әдебиеттерге сараптама жасалды

КА-168/1 мекемесінің кітапқанасындағы 485 діни әдебиеттерге сараптама жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтанның қатысуымен, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінде тыйым салынған әдебиеттерді болдырмау мақсатында діни әдебиеттерге сараптама жасалды.

Жүргізілген діни сараптаманың нәтижесі дiни мазмұндағы кітаптар мен ақпараттық материалдардың Құран мен сүннетке сай әрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымына үйлесімді екенін анықтап, оның дұрыс және жүйелі сарапталуын қамтамасыз етті.

– Жалпы, тергеу изоляторындағы қолданылатын діни кітаптардың мазмұны бақыланып, діни әдебиеттердің ел тұтастығы мен татулығын сақтауда, діни радикализмнің таралуын және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда діни әдебиеттердің қажеттілігі әрі маңыздылығы есепке алынады, – дейді КА-168/1 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Арман Панабек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру