Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тергеушілер мен анықтаушыларды марапаттады

2021 жылғы 18 қаңтарда полиция департаментінің орынбасары Самат Аисовтың қатысуымен тергеушілерді және анықтаушыларды марапаттау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, қылмыстық істерді тергеу кезінде жоғары кәсібилігі мен жедел шеберлігін көрсеткен Темірбаев Әсет “2020 жылдың үздік тергеушісі” және Сапарғалиев Нұрлан “2020 жылдың үздік анықтаушысы” жалаушасымен және грамотамен марапатталды.

Сонымен қатар, 18 тергеуші мен анықтаушыға алғыс жарияланды.

Бұл іс-шара жыл сайын тергеу жұмысындағы жеке көрсеткіштерді анықтай отырып, рейтинг нәтижелері бойынша өткізіледі, әр қызметкер ерекше назар аударуға лайық, атап өтілген тергеушілер мен анықтаушылар кәсібилік, сондай-ақ басқа да жеке қасиеттерге ие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру