Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізушісі куәлігінен айырылған ақтөбелік тағы да мас күйде көлік тізгіндеді

Жүргізушісі куәлігінен айырылған Ақтөбе облысының тұрғыны көлікті тағы да мас күйінде басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтар күні сағат 00.10-да Шұбарқұдық кентіндегі Темір аудандық ПБ патрульдік полиция қызметкерлері 26 жастағы жүргізушінің басқаруымен “ВАЗ-21114” автокөлігін тоқтатты.

Белгілі болғандай, азамат мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда, бұл оған сабақ болмай, ол қайтадан заңды бұзды. Жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам тағы да мас күйінде рөлге отырғаны үшін ҚР ҚК 346-бабы бойынша, яғни көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.
Облыстық Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуін сұрайды және ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру