Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тұрмысы төмен сотталған арнайы орталыққа орналастырды

Ақтөбеде Тұрмысы төмен сотталғанды ақылы ПТР тестінен өткізіп, арнайы орталыққа орналастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторы тұрмысы төмен сотталғанның ақылы ПТР тестінен өтуіне қаржылай көмек беріп, арнайы орталыққа орналасуына ықпал жасады.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 15 аудандық пробация қызметтерінде есепте тұрған сотталған азаматтардың аяққа тұрып, қоғамға бейімделуі үшін көмекке қол ұшын созып келетін пробация қызметкерлері аз емес. Солардың бірі - Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Мадина Мадиханова.

Пробация қызметінің инспекторы күні кеше тұрмысы төмен есепте тұрған сотталған азаматты Ақтөбе қаласының "Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа" орналастыру үшін ақылы түрдегі COVID-19 тестінен өтуіне қаржылай көмек беріп, анықтама алып берді.

- Сотталған азаматтың тұрмыстық жағдайы төмен, әрі балалар үйінің тәрбиеленушісі болатын. Соған байланысты, көмекке мұқтаж азаматқа көмекке қол ұшын созуды- азаматтық борыш санадым.
Жалпы, сотталған азаматтарға көрсетілетін осындай әлеуметтік-құқықтық көмектер олардың түзелу жолында болып, қоғамға бейімделетініне көмектеседі деп сенеміз, - дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Мадина Мадиханова.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы "Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық" баспанасыз немесе жалғызбасты мүгедек жандарға, сондай- ақ абақтыдан бостандыққа оралып, барарға жер таба алмаған азаматтарға пана береді. Сонымен қатар, мұнда паналаған көмекке мұқтаж азаматтарға медициналық, психологиялық және құқықтық, құжаттармен көмектесу жұмыстары қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру