Ақтөбеде түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында топтық арт-терапия жүргізілді
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің өзін-өзі тану қабілетін дамытулары үшін оларға топтық психологиялық түзету әдістері кеңінен қолданылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
КА-168/2 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында жүргізілген топтық психологиялық түзету әдісінде мекеменің психолог мамандары түрлі-түсті борлар мен тұзды пайдалана отырып, топтық арт-терапия жүргізді.
Жалпы, мекеменің психолог мамандарының айтуынша, арт-терапияның негізгі мақсаты – өзін-өзі көрсету, яғни өзін-өзі тану қабілетін дамыту арқылы психикалық жағдайды үйлестіру. Нақтырақ айтқанда, арт-терапия әдісі адамның ішкі “мен” дегенінің мазмұны. Ол сурет салғанда немесе мүсін жасаған кезде визуалды бейнелерде көрініс табады деген сенімге негізделген.
– Бұл орайда, арт-терапия – бұл психотерапия мен психологиялық түзетудегі өнер мен шығармашылықты емдеуде қолдануға негізделген бағыт, – дейді КА-168/2 түзеу мекемесінің аға инспектор-психологы Айгерім Досмагамбетова.