Ақтөбеде жасөспірім көлікпен жаяу жүргіншіні қағып кетті
Ақтөбеде жасөспірім көлікпен жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 маусымда жүргізуші куәлігі жоқ 16 жастағы жасөспірім Қ. Мұхамеджанов көшесі бойымен Алтын Адам көшесі жағынан Toyota Camry автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жасөспірім масаң күйде болмаған.
ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.