Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында дағдарыс орталығының тұрғындары өлкетану мұражайына барып қайтты

Ақмола облысында дағдарыс орталығының тұрғындары өлкетану мұражайына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусымда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері полиция инспекторы А. Ибраева және аға инспектор М. Белик “Шанс” кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығының тұрғындары үшін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды.

Музейде аналар мен олардың балалары Ақмола өңірінің ежелгі және қазіргі заманғы тарихының бай экспозициясымен, этнография мен тұрмыстың тарихи заттарымен танысты.
Сол күні полицейлер әйелдермен заң кеңесін өткізіп, олардың заңды құқықтарын түсіндіріп, қажетті ақпараты бар брошюралар табыс етті.

Іс-шара 13 маусымда басталған “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!” акциясы аясында өтті. Жалпы биылғы жылдың 5 айында Ақмола полицейлері үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, өңірдің дағдарыс орталықтарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 220 құрбанын орналастырды, оның ішінде 163-і балалар.

Аймақ аумағында жұмыс істейтін 9 дағдарыс орталығының 6-да әйелдер алты айға дейін тұра алады.

Акция аяқталғанға дейін полиция қызметкерлері қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып, тағы да бірқатар іс-шараларды жоспарлап қойды. Акция 21 маусымда аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру