Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да колонияның жас қызметкерлері түрмеге экскурсия жасады

ШҚО-да колонияның жас қызметкерлері түрмеге экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пенитенциарлық жүйеде қызмет атқарып жүрген облыстың жас қызметкерлері өздерінің тәлімгерлерімен бірге Шуақ кентінің Жарма ауданындағы ОВ-156/21 әйелдер түрмесіне экскурсия жасады.

Бұл экскурсия Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында қызметкерлердің тәжірбиелерімен бөлісуі негізінде ұйымдастырылды.

– Бүгінгі экскурсияның басты мақсаты – қызметкерлердің кәсіби тәжірбиелерімен бөлісіп, патриотизмді қалыптастыру, атқарып жүрген жұмыстарына жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Осы әйелдер түрмесі 2002 жылы салынған заманауй мекемелердің бірі. Биыл бұл мекемеге 20 жыл толды. Жас қызметкерлердің алдағы уақытта қызметтегі сынақтардан абыроймен өтіп, қызметтік міндеттерін, қызметтік борышын атқарудың үлгісі болады деп сенеміз, – деді департамент бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

Жас қызметкерлер карантиндік үй-жаймен, асханамен, жасақтармен, тігін және нан-тоқаш өндірістерімен танысты.

Ғалымжан Балтабаев мұндай экскурсиялардың қажет және пайдалы екеніне сенімді, өйткені олар қызметкерлерге патриотизм сезімін дамытуға және ішкі істер органдарында лайықты қызмет атқаруға көмектеседі.

Жарма ауданында орналасқан Шуақ ауылындағы әйелдер колониясы халықаралық стандарттарға сай келетін жалғыз колония екенін атап өткен жөн. Жас қызметкерлер қазақстандық полицияның құрылуы мен қалыптасу тарихын үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру