Ақтөбеде жаза өтеу шарттарын бұзған есепте тұрған сотталған қамауға алынды
Ақтөбеде жаза өтеу шарттарын бұзған есепте тұрған сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған А. 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ойыл аудандық пробация қызметіне есепке алынған болатын.
Есепке алынған күннен бастап, пробация қызметкерлері сотталған А.- ға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтеу шарттары және бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттер мен бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібінің шарттарын қаскөйлікпен бұзу – сот тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіп, сотталған азаматтан жазбаша қолхаттар мен түсініктемелер алды.
Алайда сотталған А. жаза өтеу барысында бірнеше рет сот жүктеген міндеттерді орындаудан бас тартқан. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда ішімдік ішкен күйінде қоғамдық тәртіпті бұзып, әкімшілік құқық бұзушылыққа бірнеше рет жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жоғарыда орын алған заңбұзушылықтарға орай, Ойыл аудандық пробация қызметі ҚР ҚАК-нің 68-бабы 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, жоғарыда орын алған деректерге қатысты сотталған А.-ға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы тиісті ұсынысты Ойыл аудандық сотына жолдайды. Аудандық сотпен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталған А.- ның бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, яғни 2 жыл 5 ай 9 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
– Сотталған А. жаза өтеу барысында өзімен жүргізілген тәрбиелік іс-шаралардан еш нәтиже шығармады және тәртібіне ден қояр деген үмітпен тағайындаған соттың шешіміне құрметпен қарамады. Сол секілді ол өзіне берілген мүмкіндіктерді пайдаланып, түзелуге деген ынта-жігер танытқан жоқ.
Жалпы, жазаның өтеу тәртібін бұзу- бас бостандығынан айыруға апаратын бұл жағдай есепте тұрған басқа да сотталған азаматтарға сабақ болады деп үміттенеміз, – дейді Ойыл аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Асхат Салик.