Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған есепте тұрған азамат екінші рет бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған есепте тұрған азамат екінші рет бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған Пробация қызметі есебінде тұрған сотталған азамат Сот үкімімен екінші рет бас бостандығынан айырылды.

Түзеу мекемесіндегі жақсы тәртібі үшін жазасы бас бостандығынан шектеуге ауыстырылған сотталған Р. 2020 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметінің есебіне алынған болатын.

Есепке алынған күннен бастап, пробация қызметкерлері сотталған Р.- ға жаза өтеу тәртібін, яғни сот жүктеген міндеттер мен жазаның шарттарын орындамау: қайта бас бостандығынан айыруға апаратынын егжей- тегжейлі түсіндіріп, тиісті құжаттар толтырылады.

Хромтау аудандық пробация қызметкерлері аталған сотталғанға әлеуметтік көмек көрсету барысында оны аудандық “жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі арқылы квота бойынша жергілікті жердегі ЖШС-нің біріне жұмысқа орналастырады.

Алайда, сотталған Р. Пробация қызметінің де, түзеу мекеме әкімшілігінің де сенімін ақтамай, аз уақыт ішінде жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзады. Жазадан жалтарғаны үшін Хромтау аудандық пробация қызметі сотталған Р.- дың жазасын бас бостандығына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс жолдайды. Хромтау аудандық сотының қаулысымен, сотталған Р. 1 жыл, 5 айға бас бостандығынан айырылды.

– Сотталған Р.-дың өзіне көрсетілген Сот рақымшылығын ескермеуі бірінші жағдай емес. Ол бұған дейін “адам тонағаны” үшін үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, 2019 жылы Хромтау аудандық пробация қызметіне есепке алынып, жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған болатын, – дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айнұр Болатпаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру