Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жаза өтеу тәртібін бұзған есепте тұрған сотталған қамауға алынды

Ақтөбеде жаза өтеу тәртібін бұзған есепте тұрған сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйде көлік жүргізіп, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген Мұғалжар ауданының тұрғыны Г.- ге аудандық соттың үкімімен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, қаңтар айында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №2 пробация қызметіне есепке алынды.

Пробация қызметкерлері есепке алынған күннен бастап сотталғанға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттары және жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзбау, сонымен қатар сот жүктеген міндеттері мен пробация қызметі қойған талаптармен таныстырды. Бұдан бөлек, ҚР ҚАК- нің 68-бабының 2-бөлігіне сәйкес бас бостандығын шектеу жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын қаскөйлікпен бұзған жағдайда, сот тағайындаған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіліп, жазбаша қолхаттар және түсініктемелер алынды.

Алайда өзімен жүргізілген түсінік жұмыстары мен ескертулерге құлақ аспаған пробация есебінде тұрған сотталған Г., жаза өтеу барысында пробация қызметкерлерімен жүргізілген тексеріс кезінде қоғамдық орында ішімдік ішкен күйінде ұсталды.

– Пробация есебінде тұрған сотталған Г., жаза өтеу барысында өзімен жүргізілген тәрбиелік іс-шаралардан еш нәтиже шығармай, сонымен қатар “тәртібіне ден қояр” деген үмітпен тағайындалған соттың шешіміне қатысты түзелуге ынта-жігер танытпады. Осыған орай, орын алған деректер бойынша сотталған Г.-ге қатысты ҚР ҚАК-нің 68-бабы 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, Мұғалжар ауданындық №2 Пробация қызметімен бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша Мұғалжар ауданының №2 сотына тиісті ұсыныстар жолданды. Аталған ұсыныс сотпен қанағаттандырылып, сотталған Г.-нің бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі: бір жыл сегіз күн мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеу белгіленді, – дейді Мұғалжар аудандық №2 пробация қызметінің инспекторы Сейдолла Абдуллин.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру