Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жаза өтеу тәртібін бұзған есепте тұрған сотталған түзеу мекемесіне кері оралды

Ақтөбеде жаза өтеу тәртібін бұзған есепте тұрған сотталған түзеу мекемесіне кері оралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес, жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылған, яғни сот қаулысымен бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалуына байланысты түзеу мекемесінен босаған сотталған А., Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №2 пробация қызметіне 2021 жылдың қаңтар айында есепке алынды.

Пробация қызметінің инспекторлары есепке алынған күннен бастап, сотталған А.-ға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтеу шарттары мен бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтеу тәртібі және сот жүктеген міндеттер мен талаптарды таныстырды.

Алайда, сотталған А. жаза өтеу барысында сот жүктеген талаптарды бірнеше мәрте бұзып, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол береді. Сонымен қатар, пробация қызметкерлерінің өзімен жүргізілген тәрбиелік іс-шаралардан еш нәтиже шығармай, түзелуге деген ынта- жігер танытпайды. Осы ретте, пробация қызметкерлері сотталған азаматқа «бас бостандығын шектеу жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын қаскөйлікпен бұзу-бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны» жөнінде бірнеше рет ауызша және жазбаша ескертулер беріп, қолхат алады.

– Жоғарыда орын алған деректер бойынша сотталған А.- ға қатысты Мұғалжар аудандық № 2 пробация қызметі ҚР ҚАК-нің 68-бабы 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, аталған сотталғанға қатысты Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотына «бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру» туралы тиісті ұсынысты жолдап, нәтижесінде сотталған А.- ның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, яғни 1 жыл 8 ай 20 күн мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Аталған жағдай пробация есебінде тұрған басқа да сотталған азаматтарға сабақ болып, олардың жаза өтеуді бұзбауына себепші болады деген ниеттеміз, – дейді Мұғалжар аудандық № 2 пробация қызметінің инспекторы Нұрқанат Молдағазиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру