Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ЖШС қызметкері астық қалдықтарын ұрлады деген күдікке ілінді

Ақтөбеде ЖШС қызметкері астық қалдықтарын ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 22 қазанда Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының №2 қалалық полиция бөліміне ЖШС директоры аумақтан салмағы бес тоннадан асатын астық қалдықтары ұрланғаны туралы жүгінді.

Полиция қызметкерлері осы ұрлықты жасады деген күдікпен ЖШС-нің 55 жастағы трактор жүргізушісін анықтап, ұстады. Шығын 400 мың теңгеден асты. Күдікті кінәсін мойындады. Күдікті астық-қалдықтарын базарда сатқанын түсіндірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөтеннің мүлкін ұрлау, яғни жасырын ұрлау – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру