Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі жол апаты: жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

Ақтөбеде жол апатынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 шілде күні сағат 22:30 шамасында Hyundai H1 автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі ГМЗ айналма жолымен келе жатып, 63 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру