Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер 60-тан астам тұрғынды алдаған алаяқты қолға түсірді

Ақтөбе облысының полицейлері 60-тан астам тұрғынды алдаған түркістандық алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында 7-9 ақпан аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Аnti –Fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша бұрын жасалған 4 қылмыс ашылып, 12 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Мысалы, Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны Instagram әлеуметтік желісін пайдаланып жалған аккаунт құрып, қолма-қол ақшаны екі есе көбейтетінін айтып, сенімді азаматтарды алдаған. Қазіргі уақытта ұсталған жігіттін осыған ұқсас 60 фактіге қатысы бар екендігі анықталды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе полицейлері тағы да азаматтарды алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауға шақырады және интернеттегі ақпаратқа сену арқылы сіз барлық жинақ ақшаңызды жоғалтуыныз мүмкін екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру