Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер спорттық сайысқа қатысты

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Ақтөбе облысы бойынша жастар арасында “Біз нашақорлыққа қарсымыз” атты шағын футболдан спорттық сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шараға Ақтөбе қаласы, аудандардан командалар келіп қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, облысымызда өткізіліп жатқан шараларға оларды алдағы тарту.


Облыстық спорттық сайыстың қорытындысы бойынша кубок, грамота және медальмен марапатталды. Ойын нәтижесі бойынша бірінші орынды Ақтөбе қаласы “Сазда” ОМ иеленді, екінші орынды Ақтөбе заң институты командасы жеңсе, үшінші орынды Ақтөбе облысы Полиция департаменті құрамасы қанжығаға байлады.

Қатысушылардың ішінде “Ең үздік ойыншы” атағын иемденген Жұмабекке грамота және Apple AirPods берілді, “Ең үздік қақпашы” Салауатқа грамота және Apple AirPods және “Үздік қорғаушы” Фоленвейдерге грамота және Apple AirPods сыйлықтары берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру