Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Ақтөбелік полицейлер “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында, ағымдағы жылдың 25-30 желтоқсаны аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

Іс-шараның бес күнінде учаскелік полиция инспекторлары 351 құқық бұзушыны, оның ішінде 79 жанжалшыл отбасын әкімшілік жауапкершілікке тартты, қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені және қоғамдық орында спирттік ішімдіктер ішкені үшін полиция бөлімшелеріне 140-тан астам адам жеткізілді, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуден және оқытудан бас тартқаны үшін жеті ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, осы іс-шараны өткізу кезеңінде учаскелік полиция инспекторлары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 55-тен астам адамды анықтап, ІІО есебіне қойды, оның ішіндегі 40 адамға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды, 18 адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына сот ерекше талаптар белгіледі. Сондай-ақ, ювеналды полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында сегіз қолайсыз отбасы мен сегіз кәмелетке толмаған баланы анықтап, профилактикалық есепке қойды.

Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да бұрын есепте тұрған 3 120 адам тексерілді.

Бұдан басқа, шаруа және фермер қожалықтарына, шалғайдағы қыстауларға, учаскелерге мақсатты өңдеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта 2 405 шаруа қожалығының 1 619-ы тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру