Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тәртіп сақшылары батыр-полицей Ғазиз Байтасовты еске алды

Ақтөбелік тәртіп сақшылары батыр-полицей Ғазиз Байтасовты еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғазиз Байтасов – еліміздегі ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – “Халық Қаһарманы” атағына ие болған Қазақстандағы алғашқы полицей.

Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласында 2011 жылдың 12 қарашасында деструктивті діни ағымның жақтаушысы жасаған қылмыстардың нәтижесінде жеті адам, оның ішінде бес құқық қорғау органдарының қызметкері қаза тапты, сондай-ақ ішкі істер органдарының үш қызметкері жарақат алды.
Жол полициясы басқармасы батальонының командирі капитан Ғазиз Байтасов қылмыскердің өзін-өзі жарып жіберуге дайындалып жатқанын көріп, ойланбастан оны денесімен жауып, осылайша ондаған адамның өмірін сақтап қалды.

Сол батырлық күннен бері тоғыз жыл өтті.
Бүгін саптық алаңда полицейлер батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Капитан Байтасов – әрбір полиция қызметкері мен қарапайым азаматтар үшін ерлік пен абырой үлгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру