Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғын көршісінің дөңгелектерін ұрлаған

Ақтөбеде автокөлік дөңгелектерін ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

01 қазанда Қызылжар кентіндегі ашық гараждан 34 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі жеңіл автокөліктің 4 дөңгелегі ұрланған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің көршісі анықталып, ұсталды. Ұрланған дөңгелектер тәркіленді.

Аталған факт ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық)  бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы қылмысты жасағаны үшін күдікті мүлкі тәркіленіп немесе бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Полиция департаменті  ақтөбеліктерді  жеке мүлкін қаскүнемдерден сақтау үшін барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауға, бейнебақылау камераларын, күзет немесе дабыл жүйелерін орнатып, пәтерлер мен бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру