Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының жедел уәкілдері марапатталды

Алматы облысында  криминалдық полиция қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020  жылдың 9 айының қорытындылары бойынша Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі  бұйрығымен Алматы облысының бірқатар қызметкерлері марапатталды.

Ішкі істер министрлігінің медалімен КПБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі А.Жетпісбаев және КПБ жедел уәкілі полиция майоры Д.Жаканбай марапатталды.

Министрдің Құрмет грамотасына КПБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Б.Ахметов, Қарасай АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Е.Молдағұлов және Ұйғыр АПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны А.Бейбітбек ие болды.

Министрдің атынан алғыс хаттар Талғар АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Е.Айымбетовке, КПБ аға жедел уәкілі полиция капитаны Б.Кенчибаевқа және Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Л.Бекпембетоваға табысталды.

Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры С.М. Күдебаев марапатталғандарды шын жүректен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық және қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру