Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғын полицияға тіркелмеген аңшы мылтығын тапсырды

Ақтөбелік тұрғын полицияға тіркелмеген аңшы мылтығын тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 сәуірден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өтіп жатыр.

Акция басталғаннан бері облыс тұрғындары өз еркімен 16 бірлік қару (оның ішінде 2 ойық ұңғылы қару) және 42 патрон тапсырды.

Барлық ерікті түрде тапсырылған мылтықтар мен патрондар бойынша сараптамалар тағайындалды.

Мысалы, Ақтөбе қаласының тұрғыны гаражын жинап жүріп, марқұм әкесіне тиесілі ИЖ-17 аңшы мылтығын тапқан. Әлеуметтік желілерде заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған жағдайда өтемақы төленетінін көріп, мылтықты тапсыруға шешім қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ақылы тапсыру мәселелері бойынша жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру