Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбенің аудан әкімдігінде сотталғандар марапатталды

Ақтөбенің аудан әкімдігінде волонтер-сотталғандарды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Хромтау аудандық пробация қызметімен бірлесіп ұйымдастырған қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін аталған пробация есебінде тұрған азаматтарды аудандық Жастар ресурстық орталығының бастығы Нұрсұлтан Қожабеков алғыс хаттармен марапаттады.

Аудан әкімдігінің ғимаратында өткен марапаттау шарасында есепте тұрған азаматтарға ризашылығын білдірген Жастар ресурстық орталығының басшылығы олардың түзелу жолында келе жатқандарын айта келіп, «Алғыс хаттарды» олардың мерзімінен бұрын босауға Жастар ресурстық орталығы тарапынан үлесін қосу мақсатта ұсынып жатқанын атап өтіп, алдағы күндері де осындай қоғамдық шараларға қатысуды шақырды.

– «Алғыс хаттарды» есепте тұрған азаматтар бұған дейін Пробация қызметінің жетекшілігімен «Таза жағалау», «Қарттар – біздің қазынамыз» секілді волонтерлік, қайырымдылық іс-шараларына және психологиялық тренингтерге қатысқандары үшін алды.  Жалпы, бұл марапаттар есепте тұрған азаматтардың құжаттарына есепке алынып, алдағы күндері олардың тағайындалған жазадан мерзімінен бұрын босауына көмегін тигізетін болады, – дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің инспекторы Ізбасар Сәт.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру