Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыс қаласында жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Арыс қаласында жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс қаласы көшелерінің бірінде жол ережесін өрескел бұзып, жарық шамдарын жақпай, қауіпсіздік белбеуін тақпай келе жатқан “ВАЗ-2107” маркалы көлік анықталды. Яғни күнделікті қызметтік міндетін атқарып тұрған патрульдік полиция тобының инспекторы жол қозғалысы ережесі бұзылғанын байқаған сәтте іске кіріседі. Көлікті тоқтатып, жүргізушінің куәлігін тексеру барысында оның ішімдік ішіп алғаны анықталды. Медициналық зерттеу қорытындысы да жүргізушінің “орта дәрежелі” мас халде екенін нақтылады. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) тіркеуге алынып, жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды. Нәтижесінде соттың үкімімен жол ережесін бұзған жергілікті тұрғын кінәлі деп танылып, жеті жыл көлік басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі және 602-баптары бойынша айыппұлдар салынды.

Осы тұста Арыс ауданында 10 күн бойы өткізілген “Қауіпсіз жол” іс-шарасы кезінде жалпы 455 құқық бұзушылық анықталғанын атап өтуге болады. Тәртіп сақшылары авариялық қауіпті учаскелер бойынша 16 шақырым қашықтықты тексеріп, бес жол белгісін жаңартып, орнатылуына ықпал етті. Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлер тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру